Павлодарлық «Әбу Бәкір Сыддық» медресесіне 2017-2018 жаңа оқу жылына қабылдау емтиханы жүргізілді.
Емтихан алу жұмысына ҚМДБ-ның діни оқу ағарту бөлімінің меңгерушісі меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев, ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Нариман Исенов, «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінің директоры Серікбол Аршабаев және медресе ұстаздары қатысты. Биылғы жылы емтихан тест және арнайы шығармашылық пән негізінде алынды.
Емтиханға жалпы 27 үміткер, соның ішінде Павлодар облысынан 11 шәкірт және Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, т.б. облыстардан да қатысты. Емтихан қорытындысы бойынша 23 шәкірт медресеге оқуға қабылданды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің баспасөз қызметі
06.09.2017
3609
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру