Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетовтің қызы өз қаражатына Алматының құрамына кіретін Ақжар ауылында мектеп салдырды. Бұл жөнінде кәсіпкер Бейбіт Алибеков Instagram парақшасына былай деп жазған.
"Осындай керемет те жарқын мейрамда, менің досым Әсел мен оның "Сәби" қоры Наурызбай ауданына қарасты Ақжар ауылы балаларының арманын іске асырды. Мемлекеттен бір тиын да алмай, ол жалпы көлемі 11 625 м2 болатын әрі 10 бөлімнен тұратын 1200 орынға арналған мектеп-гимназия салып берді. Әсел мен оның достары мектепті ауылдың күллі тұрғындарына сыйлап, әкімдіктің теңгеріміне тапсырған. Біздің балаларымыз үшін нағыз заманауи мектеп салып беру үшін, Әсел әрбір болмашы процесстің байыбын егжей-тегжейіне дейін түсінген... Осындай адамдар көп болса, бізге 100 мектеп пен аурухана атты бағдарламаның қажеті де болмас еді. Жиған-терген мүлікті өзімен бірге ешкім де алып кетпейді, сондықтан да олар қолдарынан келгенін жасап беруде. Осы амал көптеген адамдарды игі істерге ынталандырса етті", - деп жазған салтанатты авто иелері клубының негізін қалаушы.


Аталмыш мектептің салынғаны туралы басқа қазақстандық кәсіпкер Қайрат Құдайберген де былай жазыпты. «КӘСІПКЕРЛЕРДЕН ОҚУШЫЛАРҒА ҚҰНЫ 1 МИЛЛИАРД 725 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ТҰРАТЫН СЫЙЛЫҚ». Бүгін Кеңес Ракишев пен Әсел Тасмағамбетова ("Сәби" қоры) Ақжар ауылына жаңа мектеп сыйлады! Ақжар ауылындағы жаңа мектептің цифр түріндегі мәліметі мынадай: 1 725 000 000 теңге, 11 625 м2, 10 бөлім, 1200 орын. Бұл еліміздің көптеген ірі кәсіпкерлеріне үлгі боларлықтай лайықты амал. Ақжар ауылының балалары 1 қыркүйек күніне ерекше сыйлық алды!
Бірақ мені таңғалдырған жайт – Кеңес пен Әселдің тек жобаны қаржылап қана қоймай, жаңа мектептің сапасын айқындайтын ұсақ-түйегіне дейін егжей-тегжейіне жете жобаның іске асуына тікелей қатысып отырғандығы. Сондықтан да ол осындай жарық, өте қолайлы, жаңартпашыл болып шыққан. Мектепте ең үздік сыныптар, керемет асхана, кейбір фитнес залдар қызығатындай спорт зал бар, тіпті "Aqua Point" жаңартпашыл құрылғылары орнатылған, оқушылар мен ұстаздарға арналған ақысыз таза су (бизнесті дамыту үшін «Сәби» қорының грантын жеңіп алған жас кәсіпкерлердің жобасы), яғни, аталмыш қор тегін грант беріп қана қоймай, сондай-ақ, жас кәсіпкерлердің құрылғыларына тапсырыс беріп әрі оларды жаңа мектепке орнату арқылы жас кәсіпкерлерге қолдау да көрсеткен.
Ақжар ауылының 174 гимназиясы сапасы, жабдықталуы әрі білім беру деңгейі жөнінен де еліміздегі ең үздік мектептердің біріне айналатынына сенімім мол. Дәл осындай үлгілер мен бастамалар — әлеуметтік бизнестің флагманы болуы керек! Рахмет сендерге, Кеңес пен Әсел! Сендер еліміздің нағыз отаншыл жандарысыңдар!", - деп жазған екен ол өзінің Instagram парағына.

Әсел Тасмағамбетова — Қазақстанның бұрынғы вице-премьері Иманғали Тасмағамбетовтің үлкен қызы. Ол 1979 году жылы дүниеге келген. Оның жолдасы — танымал қазақстандық кәсіпкер Кеңес Ракишев. Әсел белсенді түрде қайырымдылықпен айналысады, дарынды балалар мен мүмкіндіктері шектеулі жандарға қолдау көрсету бағдарламаларын дамытуда. «Сәби» жеке қайырымдылық қорын басқарады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Tengrinews.kz
04.09.2017
4630
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру