Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қасиетті Құрбан айтты Атырау жұртшылығы ерекше жағдайда атап өтті

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі. 04.09.2017 3319 0 пікір
Қасиетті Құрбан айтты Атырау жұртшылығы ерекше жағдайда атап өтті

Қасиетті Құрбан айт мерекесі Атырауда таңғы сағат 7.30-да айт намазын оқудан басталды. Мешітке жиналған жамағат саны жылдағыдан да көп болды.

Айт намазынан соң, ерлер жамағаты арасында гір тасын көтеру, қазақша күрес сынды ұлттық ойын түрлерінен жарыстар өтті. Әрбір сайыстың жеңімпаз қатысушыларына қой малы сыйға тартылды. Атап айтсақ, кір тасын көтеруден 47 қатысушы арасынан жеңімпаз атанған Аңдомасов, ал қалған екі орынды Бектемісов пен Мұхамбетов өзара бөлісіп алды. Гусейнов және Сатыбалдиевтің қол күресте бағы жанды. Әр қазақтың деребесін қоздырып, көрерменнің үлкен қызығушылығына ие болған "Түйе балуандар" сайысына 16-балуан қатысты. 16 балуанның арасындағы қызу тартыста жауырыны жерге тимеген Шакиев Роллан 1-ші орын, ал Быгенов Дулат пен Күзембаев Кенжебек 2-3 орындарды иеленді.

Балалар үшін батуттар, ойын алаңдары құрылды. Шын мәнінде жалпыхалықтық сипатқа ие болған мереке үш күнге созылады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру