Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

400-ден аса адамға құрбан еті таратылды

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі, Ақерке БЕКҚҰЛОВА 02.09.2017 3402 0 пікір
400-ден аса адамға құрбан еті таратылды

Құрбан айт – әрбір мұсылманның асыға күтетін ұлық күні. «Құрбан» деген сөздің өзінің негізгі мағынасы — «жақын болу, жақындау» дегенді білдіреді. Яғни, Аллаға жақындау, оған мадақ айту деген сөз. Құрбандық – сонау Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар заманынан бастау алған үлкен тарих, ұлық ғибадат. Бұл мерекеде жағдайы жеткен адамға құрбандық шалу – уәжіп.

Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Адам баласы құрбан айт күнінде (құрбан шалып) қан ағызудан да сүйікті басқа іспен Алла Тағалаға жақындаған емес. Қаны ағызылған мал қиямет күні мүйіздері, тұяқтары және жүндерімен келеді. Ағызылған қан жерге тамбай жатып, Алла Тағаланың құзырында үлкен мақамға жетеді. Сондықтан құрбандарыңды көңіл ризашылығымен шалыңдар» - деп өсиет еткен.

Бүгінгі ұлық мейрам күні облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде құрбандық шалынып, мал еті 400-ден аса адамға үлестірілді. Ет алуға келген халық қарасы әдеттегідей көп. Айта кетсек, бүгін сойылған мал еті түгелдей тұрғындарға таратылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру