Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Он жеті отбасыға қаржылай көмек берілді

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі.  01.09.2017 3498 0 пікір
Он жеті отбасыға қаржылай көмек берілді

Бүгін «Иманғали» орталық мешітінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған он жеті отбасының әрқайсысына 15 мың теңгеден қаржылай көмек көрсетілді.

Қайырымдылық шарасы Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің бас имамы Батыржан Мансұровтың мұрындық болуымен ұйымдастырылды. Имам әр мұсылманды қайырымдылық, ізгілік, адамгершілік сынды игі қасиеттердің көркемдеп тұратынын тілге тиек етті.

Алла үйі қашан да мұқтаж жандарға қолдау білдіріп келеді. Бір ғана Рамазан айында 300-ге жуық отбасыға азық-түлік пакеттері табыс етілді. Қасиетті ораза кезінде 45 отбасыға қаржылай көмек берілді. Осындай игілікті істердің қамкөңіл жандарға демеу болатыны қуантады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру