Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

"Нұр-Мүбарак" құрамасы жаңа оқу жылын жеңіспен бастады

30.08.2017 3307 0 пікір
"Нұр-Мүбарак" құрамасы жаңа оқу жылын жеңіспен бастады

Ата заң күнінің құрметіне Алматы қаласында жастар ұйымдары арасында өткен кіші-футболда "Нұр-Мүбарак" университеті футбол құрамасының аты озды. 30 тамыз Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған ашық турнирге 20 футбол командасы қатысқан.

Қалалық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың ұйытқы болуымен әрдайым ұйымдастырылатын түрлі спорттық сайыстарда "Нұр-Мүбарак" командасы үнемі топ жарып келеді. Ал мини-футболдан азулы қарсыластарына дес бермей, жаңа оқу жылын жеңіспен бастаған нұр-мүбарактықтар университет басшылығының үмітін үкілей түсті. Себебі, оқу орын кешенінде жаңа футбол, баскетбол алаңдары жасақталып, студенттер уақытын тиімді әрі салауатта өткізеді. Бұл университеттің болашаққа сеніммен нық қадам жасап, дамуына ықпал етері сөзсіз.

Спорт шебері, аға оқытушы Айдар Иманбаевтың жетекшілігіндегі "Нұр-Мүбарак" құрамасы осылайша ашық турнирдің кубогі мен бағалы сыйлық, мақтау қағазымен марапатталып, Ата заң күнінде айрықша сый жасады.

  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру