Мұсылмандардың ұлық мерекелерінің бірі - Құрбан айт мейрамы басталады. Ұлық мейрамды ресми, мемлекеттік деңгейде атап өтуге қазақ елі Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана мүмкін болды. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2005 жылғы желтоқсанның 30-ында қол қойған, «Еңбек туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні демалыс болып табылады.
Бұл туралы «Ертіс медиа» орталығында өткен баспасөз конференциясында ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілі, орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің бас имамы Нариман Исенов мәлімдеді.
Баспасөз мәслихатында бас имам Құрбан айт мейрамында өкілдік тарапынан атқаратын шараларға да тоқталып өтті.
"Құрбандық шаламын деушілерге қала шетіндегі «Құлагер» атшабары маңынан арнайы орын бөлінеді. Ол жерге қоқыс жәшігі қойылып, таза су жеткізіліп, барлық қажетті жағдайлар жасалмақ. Құрбан айт мерекесінде үш күн бойы құрбандыққа шалынған малдың еті жиналып, үшінші күні жағдайы төмен отбасыларға таратып беруді көздеп отырмыз.
Биыл 1-қыркүйек күні сағат таңғы 07.00-де облыс көлеміндегі барлық мешіттерде Айт намазы оқылады. Осы күні сағат 14.00-18.00 аралығында мүбарак Құрбан Айт мерекесі құрметіне арналып қалалық саябақта қаладағы мешіттердің бірлесіп ұйымдастыруымен «Құрбен Айт-құтты мереке» атты рухани-мәдени шара ұйымдастырылады. Шара барысында жиналған қауымға арналып:
-иләһи өлең-жырлар оқылады
-Гир көтеру
-Қор күрестіру
-Арқан тарту
-Қазақ күресі қатарлы ойын-сауықтар ұйымдастырылып, сый-сияпаттар жасалады.
Ойын батуттары орнатылады. Сонымен қатар саябақтағы барлық ойын құрылғыларының төлемі 50 пайыз жеңілдетіледі деп келісілуде.
Сағат 16.00 шамасында шараға жиналған барлық халыққа Айт дастарханы жайылып, ас-тағамнан (палау, бауырсақ, минерлка сусындары) дәм таттырады".
Соңында «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Қайырбеков Нұрлан ресми тілде тілшілердің сұрақтарына жауап берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
29.08.2017
3742
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру