Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ҚҰРБАН АЙТ – ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ» РУХАНИ ШАРАСЫ ӨТТІ

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі 29.08.2017 3419 0 пікір
«ҚҰРБАН АЙТ – ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ» РУХАНИ ШАРАСЫ ӨТТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен Тасбөгет кентіндегі С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде «Құрбан айт – ұлық мереке» атты рухани шара өтті.

Шарада қалалық «Айтбай» мешітінің бас имамы Керімбеков Нұржан Пірәліұлы алғы сөз сөйлеп, қатысушыларды аталмыш мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, мұсылмандардың ұлық мерекесі – Құрбан айттың маңыздылығы мен құрбан шалудың қадір-қасиеті жөнінде насихатын жеткізді.

Рухани шара аясында діни әндер орындалып, дәстүрлі өнер көресітіліп, ой салар қойылымдар тамашаланды.

Қатысушыларға діни сұрақтар қоюдан викториналық ойын ойнатылып, арнайы сыйлықтар таратылды.

Шараға қатысушылар ризашылықтарын жеткізіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру