Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ТАЛДЫҚОРҒАН: МЕКТЕПАЛДЫ БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

Талдықорған өңірінің баспасөз қызметі 29.08.2017 3444 0 пікір
ТАЛДЫҚОРҒАН: МЕКТЕПАЛДЫ БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

«Мектепке жол» атты игі шарада Талдықорған орталық «Иман» мешітінде 150 отбасының балаларына мектепке керекті құрал-жабдықтар таратылып, балалар қуанышқа бөленді.

Бұл игі шараға ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы С. Ахмадиев қатысты. Үрдіске айналған бұл қайырымдылық акциясында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардың және  жалғыз басты аналардың бүлдіршіндеріне сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп оқушыларына материалдық қолдау көрсетілді.

Өкіл имам С. Ахмадиев бүлдіршіндерге жаңа оқу жылында сәттілік тілеп, батасын беген соң әр бүлдіршіннің жүзіне күлкі ұялап куанышпен тарқасты.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру