Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚҰРБАН АЙТ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі 28.08.2017 3697 0 пікір
ҚҰРБАН АЙТ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Мұсылмандардың ұлық мерекесі Құрбан айт биыл қыркүйектің 1,2,3 күндері тойланады. Айт намазы Қызылорда облысы бойынша барлық мешіттерде таңғы сағат 8.00-де оқылады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров мәлімдеді. 

Айт күндері аймақ мешіттерінің жанынан санитарлық талаптарға сай қасапханалар  жұмыс жасайтын болады. 

Баспасөз мәслихатында бас имам Құрбан айт мейрамында өкілдік тарапынан атқаратын шараларға да тоқталып өтті.

"Айттың алғашқы күнінде орталық мешіт алаңында киіз үйлер құрылып, дастархан жайылады. Көпшілікке арнап ұлттық сайыстар, айтыс өткізіледі" - деді облыстың өкіл имамы Талғат Омаров.

Сондай-ақ, жиынға қатысқан қалалық «Айтбай» мешітінің бас имамы Нұржан Пірәлұлы мен «Ыбрайым» мешітінің бас имамы Талғат Нұрман тілшілердің сұрақтарына жауап берді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру