Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде қала және аудан имамдарының кезекті жиналысы өтті.
Жиында мұсылмандардың ұлық мерекесі Құрбан айт мейрамына дайындық іс-шаралары қарастырылды.
Мерекелік құттықтаулар мен мақалалардың БАҚ беттерінде жариялануы қадағаланып, айт намазының уақыты сөз болды. Айт күндері әдеттегіден ерекше тазалықтың болуы тапсырылып, құрбандық шалуға байланысты мәселелер талқыланды.
Бас қосуда сонымен қатар сауат ашу курсы тілге тиек болып, орын алып жатқан жаңалықтар ортаға салынды.
Мәжіліс соңында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр қажы Жұмабаев дұға жасап, дін жолындағы қызметтің жемісті болуын тіледі.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы баспасөз қызметі.
24.08.2017
3414
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру