ҚМДБ болашақ қажыларды шығарып салып, ақ жол тіледі. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы атынан ҚМДБ өкілі Ербосын Орын сөз сөйлеп, қажылықтың мән-жайын түсіндіріп берді. Алматы қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрбек Ауесханұлының атынан наиб имам Жорабай Дулатбаев ыстық лебізін білдірді. Ертең де Алматы орталық мешітінде осындай жүзге жуық қажыларды шығарып салу рәсімі өтпек.
Кездесу барысында қажылықтың маңыздылығы түсіндіріліп, қабыл болған қажылықтың сыйы жәннәт болатындығы жайында насихат айтылды. Тағы да айта кететін жайт бұл жылы алғаш рет ҚМДБ жанынан құрылған «Tawaf travel» қажылық компаниясы өз жұмысын бастап, 300 кісіге қажылық құлшылығын өтеуге қызмет көрсетпек.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі
23.08.2017
3385
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру