Қажылық – ұлы ғибадат. Мұсылман баласы ғұмырында бір рет орындауы тиіс бес парыздың бірі – қажылық. Әрине қажылық міндетін орындау шынайы ниетке байланысты. Қажылық өзге ғибадат секілді мұсылман адамның тұрғылықты жерінде жасалатын ғибадат емес. Мәселен, намазды кез-келген жерде оқи аласыз, ол үшін ел мен жер таңдамайсыз. Ораза да сол секілді. Алайда қажылықты тек Мекке шаһарында ғана өтеу керек.
Биылғы жылы елімізден қасиетті сапарға ниет еткен қажылар қатарында маңғыстаулық қажылар да бар. Жалпы облыс бойынша жүзден астам азаматтар қажылық парызын өтеу үшін ниет етуде.
Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков қасиетті сапарға аттанғалы тұрған қажыларды облыстық мешітке арнайы шақырып, ақ жол тілеп, дұға етті. Қажылық сапар барысында түрлі келеңсіздікке ұшырамау үшін Діни басқарма тарапынан бекітілген имамдардың нұсқаулықтарын назарда ұстау қажеттігін айтып өтті. Қажыларға сәт сапар тілеу мақсатында облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Иса Есенәлі де арнайы келіп, тілегін айтты. Сонымен қатар қажылық сапар кезінде мұқият болуларын, түрлі жат пиғылды адамдардың діни уағыздарын тыңдамауларын айтып өтті.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
22.08.2017
3206
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру