Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

160 балаға оқу құралдары салынған мектеп сөмкесі берілді

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі. 21.08.2017 3633 0 пікір
160 балаға оқу құралдары салынған мектеп сөмкесі берілді

 Маңғыстау облыстық орталық мешітінде жексенбі күні республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық шара өтті.

Облыстық мешіт, Мұнайлы аудандық мешіті, Қызылтөбе мешіті және Маңғыстау ауылдық мешіті бірлескен шарада барлығы 160 балаға оқу құралдары салынған мектеп сөмкесі берілді. Аталмыш көмек Ақтау қаласы және оның айналасындағы аудан, ауылдардағы көп балалы отбасы мен әлеуметтік көмекті қажет ететін жанұялардың балаларына таратылды.

Облыс имамы Смайыл Сейітбековтің айтуынша,ҚМДБ бекіткен жоспарға сай, жыл сайын осылай жүзден астам балаға мектепке қажет құралдар мен сөмке таратылады.

Биылғы қайырымдылық үрдісіне кеткен шығынды облыстық мешіт, Зекет қорының Маңғыстау филиалы және «Құрылысшы 7» жеке кәсіпкерлік мекемесі көтерген.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру