Кеше облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің асханасында ҚМДБ «Tawaf Travel» компаниясы арқылы облыстан қажылыққа барушыларды шығарып салу рәсімі өтті. Оған болашақ қажылармен қатар ақсақалдар, мешіт алқасының мүшелері қатысты.
Алғы сөз алған өкіл имам Төлеби Оспан діни басқарманың төл компаниясын іске қосудағы басты мақсат – табыс табу емес, халыққа қызмет көрсету дей отырып, аталмыш компанияға сенім білдіріп, қызметіне жүгінген болашақ қажыларға ақ жол тіледі. Дәм басында Климаты өзге елдің аптап ыстығына, халықтың көп шоғырына қарамастан, Хақтың разылығына кенелу үшін қажылықтың барлық рәсімдерін ретімен атқару үлкен сабырлықты қажет ететіндігін айтты. Дәм басында қажылықтағы ниеттің маңыздылығы туралы насихат айтылды. Қасиетті шаһарда болып қайтқан өзге қажылар өткен естеліктерімен, сапардан алған әсерлерімен бөлісіп, ниеттеріңіз қабыл болсын деген ізгі тілектерін жеткізді. Сондай-ақ, болашақ қажыларға елді бірлігі мен бүтіндігін, келешегі жарқын болып, дініміздің көркеюін дұғаға қосуларын сұрап, сәт сапар тіледі. Жасы үлкен ақсақалдар бата беріп, Құран аяттары оқылды.
Естеріңізге сала кетейік, төл компания биылғы бөлінген квота санына сәйкес 300 қандасымызға қызмет көрсетуді жоспарлап отыр. Ал жалпы биыл қажылық сапарын ұйымдастыруға қабілетті деп танылған 16 фирмамен келісім-шарт жасалған. Осыған сәйкес, қажылардың алғашқы легі тамыз айының 23-інде қасиетті сапарға тікелей рейспен аттанады.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
21.08.2017
3425
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру