«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» - деген екен дана халық. «Жанашырлыққа - жан риза» дегендей қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның мұсылмандық парызы.
Әр оқу жылының қарсаңында ҚМДБ-сының мешіттері тарапынан атқарылатын «Мектепке жол» қайырымдылық іс-шарасының өткізілуі дәстүрге айналып келеді. Биылғы оқу жылында да аталмыш шара жалғасын тапты. Бұл ізгі шара балаларды білімге жұмылдырып, оқуға деген қызығушылығын арттыратын бірден-бір дұрыс қадам болып есептеледі.
ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасын жүзеге асыру аясында Алматы облыстық «Қарасай батыр» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық іс-шарасы өтті. ҚМДБ-ның Алматы өңірі бойынша өкіл имамы Қуаныш Бақытбекұлы жиналған оқушыларды келе жатқан Құрбан айт мейрамымен құттықтап, оқуда озат болып, болашақта еліміздің өркендеуі үшін адал қызмет жасауға шақырды. Қайырымдылық іс-шара аясында мектеп жасындағы 170 оқушыға мектепке қажетті оқу құралдары мен кеңсе қажеттері таратылды. Жиын соңында балалар мен ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы өңірі бойынша баспасөз қызметі
18.08.2017
3868
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру