Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

07 Мамыр 2026

20 Зулқағда 1447 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

Хромтаулық делегация дін қайраткері Дербісәлі Беркімбаевтың Ресей еліндегі мазарын зиярат етті

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің баспасөз қызметі 17.08.2017 3765 0 пікір
Хромтаулық делегация дін қайраткері Дербісәлі Беркімбаевтың Ресей еліндегі мазарын зиярат етті

Хромтау ауданында осы өңірдің тумасы, 29 таңбалы тұтас кіші жүзді басқарып, «жартыпатша» атанған Дербісәлі Беркімбаевтың 180 жылдығын атап өту шаралары жүргізілуде. Осының аясында хромтаулық делегация Дербісәлінің сүйегі жатқан жер – көрші Ресей елінің Орынбор облысындағы Орск қаласына зиярат етіп барды. Аталмыш делегация құрамында аудандық «Нұр» мешітінің наиб имамы Марал Иманғали да болды.

Сапар барысында делегация әуелі Жаман қаласына қарасты Үрпия аулындағы бабаның мазарына барып, оның әзиз рухына құран бағыштады. Сондай-ақ, Крыловка аулындағы Дербісәлі Беркімбаев атындағы орта мектеп пен Орскідегі Д.Беркімбаев салдырған мешіт пен медресеге бас сұқты. Кеңес дәуірінің кезінде балабақша ретінде пайдаланылған мешіт ғимараты 1991 жылы ғана бастапқы мақсатында қолданыла бастаған. Ал, мешіт жанындағы медресені жергілікті жамағат асхана қылып қайта жасақтаған. Бұл туралы Ресей мұсылмандары Орталық діни басқармасы құрамындағы Орынбор облысы мұсылмандары аймақтық діни басқармасы төрағасының орынбасары Нұр хазрет Мусакаев әңгімелеп берді.

Нұр хазрет Мусакаевпен болған екеуара әңгіме барысында наиб имам Марал Иманғали екі ел мұсылмандарының әрдайым рухани байланыста болатындығына нық сенім білдіре отырып, дүниеден өткен діни қайраткерлердің өнегелі өмірін келешекке үлгі етіп насихаттаудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, дін жанашыры Дербісәлі Беркімбаевтың мұсылмандықты нық ұстап, Ислам дінін өркендетуге қосқан үлесі туралы естеліктерімен бөлісті.

 

FB IMG 1502867833141

 

FB IMG 1502867830374

 

FB IMG 1502867826983

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру