Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен мешіт жастарын жат ағым жетегінде кетуінің алдын алып, олардың арасындағы ауызбіршілікті нығайтып, салауатты өмірге баулу мақсатында мешіт жамағаттары арасында футболдан қалалық турнир ойындары басталған болатын.
Алматы орталық мешітінде жасақталған 12 команда турнирдің жартылай финалында өнер көрсету үшін іріктеу турында өнерін сарапқа салды. Іріктеу қорытындысы бойынша Алматы орталық мешітінің «Жастар», «Бірлік» және «Еңбек» алғашқы орындарды иеленіп, жартылай финалға жолдама ұтып алды.
Айта кетерлік жәйт, шілде айында басталған турнирдің жүлде қорына 1 000 000 теңге тігіліп отыр. Шарада орталық мешітінің Бас имамы Нұрбек қажы Ауесханұлының атынан Руслан Қайыргелді бірлікке шақыратын насихат айтты.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі
15.08.2017
3190
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру