Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Оралдан 8 адам қажылыққа аттанады

  ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі 14.08.2017 3211 0 пікір
Оралдан 8 адам қажылыққа аттанады

 

Қасиетті жұмада облыстық орталық мешітінің бастамасымен Ақжайық елінен қажылық сапарға баратын жамағатқа «Қажылық шарттары» атты тақырыбы аясында басқосу болып өтті.

  Алдымен  орталық мешітінің наиб имамы Марат Асанов  сөз алып,  Қажылық – исламдағы бес парыздың бірі. Құранда Алла Тағала былай бұйырады: «Қажылық және умраны Алла үшін толық орындаңдар» («Бақара»  сүресі, 196-аят). Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Кімде кім Алла Тағала ризашылығы үшін қажылық жасаса, жаман сөзден, жаман қылықтардан, күнәлардан сақтанса анасынан туылғандай пәк болып қайтады». Қажылықтың әр минутын құлшылықпен, дұға-тілекпен өткізудің сауабы мол. Биыл ҚМДБ-ның жанынан «Tawaf travel» атты қажылық компаниясы құрылғанын айтып, аталмыш компанияның атынан 8 жамағаттың қажылық сапарға бара жатқандығын мәлімдесе, облыстық дін істері басқармасының басшысы Саялбек Ғиззатов сөз сөйлеп, Алла жолында Қазақ еліңе тілеген дұғаларың қабыл болып, қажылық сапарын сәтті қылып, аман –есен Ақжайық жеріне оралыңдар", - деп тілегін білдірді.

Басқосуда қатысушыларға қажылық турасында, қажылықты өтеу барысындағы әдеп, киім кию үлгісі, орындалуы тиіс шарттары толықтай  түсіндірілді.

Қатысушылар  тарапынан сауалдар жолданып, тұщымды жауаптар алынды.

 

                                                

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру