Астанадағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ғимаратында өткен баспасөз мәслихатында Қажылық бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев биыл мүфтият қажылық сапарын ұйымдастыруға қабілетті деп танылған 16 фирмамен келісім-шарт жасалғанын мәлімдеді.
«Бұл 16 фирма Қажылық комиссиясының талабынан өтіп, қажылықты ұйымдастыруға қабілетті деп танылды. Комиссияның шешімімен аталған фирмалар жерлестерімізге қызмет көрсететін болады. Олардың қызметін Қажылық Миссиясы қатаң қадағалайтын болады. Келісімде көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда фирмаға қатысты тиісті шаралар қабылданады», – деді ол.
Келісім-шарт мәтінінде көрсетілгендей, турфирмаға қатысты төмендегі міндеттемелер енген:
- Туристік фирма мен қажылыққа баратын азамат арасында ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес, келісім-шарттың болуы;
- ҚМДБ Қажылық Миссиясының діни және заңнама тұрғысында барлық міндеттерін сақтау;
- Қонақ үй талаптарына сай қажыларды орналастыру;
- Қажыларды тиісті транспортпен қамтамасыз ету;
- Көрсетілген қызмет сапасы ҚР заңнамаларының талаптарына, санитарлық-гигиеналық ережелері мен нормаларына сәйкес болу;
- Жоғары білімді, тәжірибелі жол бастаушы мамандардың болуы;
- Негізгі үйлестіруші араб тілін жетік білу, т.б.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
www.muftyat.kz
26.07.2017
3698
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру