Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бір айлық білімді жетілдіру курсы жұмысын бастады

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 24.07.2017 3801 0 пікір
Бір айлық білімді жетілдіру курсы жұмысын бастады

Бүгін «Ақтөбе медресесі» колледжінде ауыл имамдарының білімдерін жетілдіруге арналған 1 айлық курс өз жұмысын бастады.

Курстың ашылу салтанатына қатысқан Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Асылхан Темірханов курс жұмысына сәттілік тілеп, қатысушыларды ІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «XXI ғасырдың үздік зияткер имамы» атты құжаттың мазмұнымен таныстырды. Зайырлы қоғамның зияткер имамының жан-жақты білімді, зайырлы ілімдерді қатар меңгерген болуы керектігін баса айтты.   

20 шілде мен 20 тамыз аралығында жалғасатын курста ауыл имамдарына республикалық имамдар форумдарында қабылданған алты бірдей маңызды құжат насихатталып, Құран, Иман шарттары, Ислам ғылымхалы, Ислам тарихы, Әдеп сынды пәндер бойынша білімдері жетілдіріледі. Курста медресенің білікті ұстаздары  дәріс беруде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру