Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы имамдары білім жетілдіру курсын абыроймен аяқтады

13.07.2017 3380 0 пікір

Биылғы 2017 жылы Алматы қаласы, Дін істері Басқармасы, «Сараптама және зерттеу» орталығымен бірлесе отырып мешіттерде наиб имам, азаншы, ұстаз болып қызмет ететін 20-25 тыңдаушыдан тұратын аудиторияға барлығы 5 семинар өткізу жоспарланған болатын. Оның алғашқы легі 13-наурыз күні басталып, соңғы имамдардың 5-тобы бүгінде өз білімдерін жетілдірді.

Семинарда ҚМДБ-ның білікті ұстаздары дәріс оқыды. Тыңдаушыларға тәжуид ілімдері, дін қызметкерінің этикасы, тәфсир ғылымы, шешендік өнер және бүгінгі отбасылық мәселелер тақырыбында 36 сағат дәріс оқылды.

Сертификат табыстау шарасына Алматы қаласы әкімдігі, Дін істері басқармасының басшысы Айдар рақымжанұлы қатысып, имамдардың қызметіне табыс тіледі. Алматы орталық мешітінің бас имамы Нұрбек Ауесханұлы имамдардың білімге құштарлығын бағалап, қоғам арасында бүгінгі табысталған білім сертификаты имамдарға одан әрі жауапкершіллікті жүктейтіндігін еске салды.

Бас имам өз сөзінде: «Ислам дінінде ілімнің орны жоғары екендігі баршаға мәлім. Ілім үйрету және үйрену ең сауапты әрі қадірлі іс болып есептеледі. Алматы имамдары халыққа діни ілімді үйретумен қатар өз ілімдерін жетілдіруге де өте ынталы екені осы білім семинарында көрінді..

Қасиетті Құранда Алла Тағала: «Айтшы, білетіндер мен білмейтіндер тең бе?» («Зүмәр» сүресі, 9-аят), – деп, көзі ашық, білімді адамның тұғыры қашанда биік тұратындығы айтылса, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінде: «Садақаның ең жақсысы – ілім үйреніп, оны басқаларға үйрету» ,- дейді (Тирмизи, ілім, 7)»,-деп өсиет айтты.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру