Бүгін Нұр-Мүбарак университетінде „Ел жүрегі – Астана„ немесе „Асыл Мұра„ деп аталатын Алматы қаласындағы 50-ге жуық мешіт жамағаттары арасында жаңа спартакиаданың тұсауы кесілді. Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек Есмағанбеттің бастамасын Алматы қаласы әкімдігі қолдап, еліміздегі жалғыз ислами жоғары білімнің қара шаңырағы Нұр-Мүбаракта ұйымдастырылды.
Қасиетті жұмадағы намаздан кейін Нұр-Мүбарак ауласына тігілген ақшаңқан киіз үйлер түңліктерін түріп, қонақ күтіп алуға әзірленсе, әрбір спорт алаңы өз жеңімпаздарын асыға күтіп тұрғандай. Елордасы Астана күніне орайластырылған бұл ұлттық спорт спартакиадасын ең алдымен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев құттықтау сөз сөйлеп, еліміздің ынтымағы мен бірлігінің кепіліне айналған мешіт жамағаттарына сәттілік тіледі. Ал осындай ауқымды шараға қолдау көрсеткен қала басшылығына алғысын білдірген қаланың Бас имамы Нұрбек Есмағанбетмырза „Асыл Мұра„ деп аталатын бұл спорттық спартакиаданың басы екендігін жеткізді. Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, профессор Шамшәдин Керім мырза да бұл игі бастама тек мешіттермен ғана шектелмей, ел ішінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда, ұрпақ тәрбиесінде маңызы зор екендігін айтып, ат салысушыларға ризашылықтарын білдірді.
Салтанатты шараны қазақтың күмбірлеген күйі, әсем әні мен тағылымды термесі жалғастырып кетті. Ал жамағат өкілдері түрлі спорт алаңдарына бөлініп, арқан тартыс, гір тасын көтеру, қойды иыққа салып отырып-тұру, асық ату, қазақша күрес, арқан тартыс, т.б. көптеген ойындардан өзара бақ сынады. Ал алаңның бір шетінде бой түзеген киіз үйлер мен шатырларда жұртшылыққа тегін ыстық тамақ пен сусындар, шай берілсе, балаларға арналып ойындар ұйымдастырылды. Күннің ыстығына қарамастан 48 мешіттен келген жамағат намысын қорғаушы жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
"Нұр-Мүбарак" баспасөз қызметі
10.07.2017
3956
0 пікір












+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру