Діни мерекелерден бөлек Елдікке баулыйтын мерекелер де Ислам дінінде жат емес. Алла құранның Худжурат сүресінің 13-аятында «Бір-бірлеріңді тану үшін ұлттар мен руларға бөлдік»,-деген. Олай болса әр ұлттың өз ерекшеліктері болатындығы белгілі. Елімізде 1998 жылдың 10- маусым күнінде Астана қаласының тұсаукесері өткен болатын. Бұл күн 2006 жылға дейін Астана күні деп аталып келді. 2006 жылдан бастап шілденің 6-сы «Елорда күні» деп аталып өтуде.
Алматы қаласы әкімдігі, Дін істері басқармасы және Алматы қаласының мешіттері бірлесе мешіт жамағаттарына «Ел жүрегі – Астана» атты мерекелік шара өткізді. Мереке концерттік және спорттық шараға ұласты.
Шарада дәстүрлі әншілер әннен шашу шашып, халықты бір сергітті. Қазақы спорттық ойындарынан халыққа хабар беріп, әділ төрешілер асық ату, бұқа тартыс, бағанаға өрмелеу, кіртас көтеру, қошқар көтеру, қазақ күресі және де балаларға арналған түрлі спорттық ойындардан сайыс өткізді. Жеңімпаздар құр алақан қайтпай, қанжығаларына түрлі қымбат сыйлықтар байлады.
Шараға арнайы қатысқан Қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев мырза алғаш сөз алып, мешіт жамағаттарын Елорда күніміен құттықтады. Алматы қаласының өкіл имамы Нұрбек қажы Ауесханұлыда жамағатқа құттықтау сөз сөйлеп, «Ел ордасы Астананың құрылуына барша жұрт күмәнмен қараған болса, күмәндарының бекер екендігі айқындалды. Ел бейбітшілігінің баянды болуында әрбіріңіздің қосар үлестеріңіз көп. Мұсылман күмәннан арылып, нақты іс істеуі қажет»,- деді.
Нұр-Мубарак университетінің алаңқайында болған шарада Киіз үйлер тігіліп онда жамағатқа тегін ас мәзірі таратылды.
Шараның ерекшелігі тек мешіт жамағаттарының қатысуы ғана емес жетім балалар мен жесір аланалардың арнайы шақырылып, балалардың көңіл көтеруі де болды.
Жалпы сыйлық қорын заманауи асхана құралдары, спорттық киімдер, ұялы телефондар, планшеттер, балаларға спорттық самакат секілді құрылғылар мен велосипеттер т.б. құнды дүниелер құрады.

























ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі.
10.07.2017
3545
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру