Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

07 Мамыр 2026

20 Зулқағда 1447 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

«Жаназа һәм жерлеу мәселелері», «Дін мен дәстүр ІІ», «Ұстаз ұлағаты» кітаптарының таныстырылымы жасалды

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі ОҚО орталық мешіт 05.07.2017 4528 0 пікір
«Жаназа һәм жерлеу мәселелері», «Дін мен дәстүр ІІ», «Ұстаз ұлағаты» кітаптарының таныстырылымы жасалды

Шымкент қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ОҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» атты имамдар форумында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар Кеңесінің XV отырысында бірауыздан қабылданған «Жаназа һәм жерлеу мәселелері»кітабы және «Дін мен дәстүр ІІ» мен «Ұстаз ұлағаты» кітаптарының таныстырылымы жасалды.
Салтанатты іс шараға ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, Астана қаласының өкіл имамы Наурызбай қажы Өтпенов, ҚМДБ-ның аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев, ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай қажы Шоқанов, ҚМДБ-ның Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы, Оңтүстік Қазақстан облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан Пірәліұлы Керімбек және қала, аудан, ауыл имамдары қатысты.
Іс шарада ҚМДБ-ның наиб мүфти Наурызбай қажы Өтпенов мырза діни мәселелерде, жаназа, құдай ас (садақа) т.б. орындарда «Жаназа һәм жерлеу мәселелері» кітабын басшылыққа алу қажет екендігіне тоқталып, кеңінен түсіндру қажет екендігін қадап айтты.
Жалпы, мол таралыммен жарық көрген кітаптар барлық қала, аудан, ауыл имамдарына үлестірілді.

IMG 2410

IMG 2411

IMG 2515

IMG 2516

IMG 2519

IMG 2520

IMG 2522

IMG 2525

IMG 2528

IMG 2530

IMG 2531

IMG 2534

IMG 2537

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру