Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Көп балалы аналар мен ардагерлерді құттықтады

ҚМДБ Павлодар өкілдігі 29.06.2017 3676 0 пікір
Көп балалы аналар мен ардагерлерді құттықтады

Қасиетті Ораза айт мерекесі күндері орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті әйел-қыздар секторының өкілдері көп балалы аналар мен денсаулығы нашар қарт адамдардың үйіне барып, оларды құттықтап қайтты.

Діни сауат ашу курстарының ұстазы Қарлығаш Қажымәлікқызы мен шәкірттері көмекке зәру 6 отбасына барып қайтты. Оның ішінде екі апай - мүмкіндігі шектеулі зағип жандар, бір әжей Қарттар үйінде тұратын қарт ана. Қалғандары – көп балалы, көмекке мұқтаж отбасылар.

Әр үйге әйелдер мен қыздар құрма, кәмпит, печенье сияқты тәттілер апарып, отбасыларын қуантты. Сонымен қатар ұн, қант, күріш, гречка, шай, күнбағыс майы, макарон өнімдерін құрайтын азық-түлік себетін жеткізді. 

Қонақ әйелдер аналар мен ардагерлерді мүбәрак Ораза айт мерекесімен құттықтап, олардың хал-жағдайларын сұрап, проблемаларымен танысты.

Қарлығаш Қажымәлікқызының айтуынша, тек қана Ораза айт күндері емес, күнделікті өмірде де мұқтаж жандарға үнемі көңіл бөліп, мейірімділік пен қамқорлық танытып көмегімізді аямауымыз керек. «Бұл біздің мұсылмандық міндетіміз», - дейді ұстаз.

Алла Тағала мұсылман әйелдерінің ізгі істерін қабыл етсін!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру