Мектептегі оқуымен қатар алып жүріп, аудандық «Нұртай» мешітіндегі діни сауат ашу курсына қатынайтын мұғалжарлық жеткіншек Қалаубай Жандостың әуестігі бұл ғана емес. Бос уақытында бапкерлерінен спорттың самбо түрінен сабақ алатын ол талай жарыстарда топ жарып жүр. Жуырда ғана Түркістан қаласында 2001-2002 ж.т. жасөспірімдер арасында самбодан өткен дүбірлі додаға қатысып, Бас жүлдемен оралған болатын.
ҚР чемпионатында өзге қарсыластарына есе жібермей, күшінің айқын басымдылығымен, айла-тәсілінің ұтқырлығымен ұтқан жерлес спортшымыз алда өтетін Еуразия чемпионатына жолдама алды. Әлемдік додада ел абыройы мен намысын қорғайтын Жандостың бұл жеңісі мұғалжарлық жерлестері үшін үлкен мақтаныш. Әсіресе, мешіт ұстаздары шәкірттерінің талабына шын қуанды. Бас имам Ербол Жүсіпов бастаған мешіт ұжымы Қадір түні оған ерекше қошемет көрсетіп, иығына шапан жауып, жүлделі марапатымен құттықтады және 7000 теңге көлемінде шәкіртақы берді.
Жас спортшымызға алдағы әлемдік додада сәттілік тілеп, Алла жар болсын дейміз.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Ақтөбе өкілдігі
29.06.2017
3240
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру