Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тараз: Дін мамандарының еңбегі ескерілді (ФОТО)

ҚМДБ Жамбыл өкілдігі 29.06.2017 4023 0 пікір
Тараз: Дін мамандарының еңбегі ескерілді (ФОТО)

Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде аудан және қала бас имамдарының жиналысы өтті. Аталған іс-шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр  қажы Жұмабаев пен Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы қатысты.

Жиын барысында мешіттердің алғашы жарты жылдық қорытындысы жасалып, «Нұр Мубарак Египет ислам мәдениеті» университетіне және Жамбыл облысы «Һибатулла Тарази» медресесіне жіберілетін талапкерлер саны нақтыланды.

Деструктивті теріс ағымдармен күресіп келе жатқан қала имамдары оның ішінде Қанат Әділханұлы және  "Һибатулла Тарази" мешітінің найб имамы Бахтияр Амиреев, «Асым ата» мешітінің имамы Хамидулла Ахметов, «Құлбай баба» мешітінің имамы Талғат Сматов, «Бегалы ата» мешітінің имамы Таңат Тилманбетов, «Шейх Зүннүн» мешітінің имамы Абдуахид Хадиметов, «Айсұлу ана» мешітінің имамы Қанат Қуанышбеков алғыс хатпен марапатталып, қаржылай 20.000 теңгеден сыйға тартылды.

Сонынымен қатар ҚМДБ-ның тапсырмасы бойынша ұйымдастырылған «Көрікті мешіт-2017» атты тазалық бәйгесінің қорытындысы бойынша 1 орынды иеленген Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітіне 50 000 теңге сыйақы мен сертификат табысталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру