Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Жаздық курста оқитын бүлдіршіндерге ертеңгілік өтті (Фото)

ҚМДБ Алматы қаласы 28.06.2017 3754 0 пікір
Алматы: Жаздық курста оқитын бүлдіршіндерге ертеңгілік өтті (Фото)

Қазақ халқының атақты жазушысы Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей, халқымыз ежелден бала тәрбиесіне жіті көңіл бөлген.

Салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыз Ислам дінімен терең астасып, біте қайнасып жатыр. Бала тәрбиесі, оның иманды, ибалы, отансүйгіш болып өсуі отбасынан бастау алады.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деу, арқылы халқымыз бала тәрбиесінің іргетасын жастайынан қалаған. Себебі әрбір бала тал шыбық. Қалай майыстырсаң солай иіледі. «Үлкенге құрмет-кішіге ізет», «ала жіпті аттамау», «қызға қырық үйден тыю», өтірік сөйлемеу секілді ұғымдар, Ислам діні арқылы ұлтымыздың жадында сақталған.

Басты мақсат дұрыс тәрбие беру. Осы мақсатта жыл сайын мешіттерімізде мектеп жасындағы оқушыларға арналып «Жаздық курс» жұмыс жасайды. Алматы қаласы Орталық мешітінде де “Әйелдер-қыздар” секторының ұйымдастыруымен 40-қа жуық мектеп жасындағы қыздар Ислам дінінің кәусар бұлағымен сусындауда. Осы орайда айта кететін нәрсе, “Жаздық курс” бүлдіршіндердің арасында “Ертеңгілік” бағдарлама болып өтті. Бұл іс-шара Алланың кәләмімен басталып, Алматы қаласының Бас Имамы Нұрбек қажы Әуесханұлының Рамазан айы мен оразаның қадір-қасиеті жайлы уағыз айтуымен жалғасты. Сонымен қатар мешітіміздің ұстазы Маржан Оразанбайқызы бала тәрбиесі туралы айтып өтті. Шәкірттердің барлығы белсене ат салысып, өздері Құран оқып, Пайғамбарымызға салауат айтып, мәні мен мағынасы зор қойылым көрсетті. Кішкентай бүлдіршіндер тақпақ айтып, көрермен көзайымы болды.

Басты міндет өскелең ұрпақтың бойына тек игі қасиеттер дарыту. Ислам діні мен салт-дәстүріміздің егіз ұғым екенін үйрету. Бала күннен бастау алған тәрбие болашақта өз жемісін берері сөзсіз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру