Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Министр Н.Ермекбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтау сөзі

26.06.2017 3875 0 пікір
Министр Н.Ермекбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтау сөзі

 

Еліміздің мұсылман қауымын Ораза айтымен шын жүректен құттықтаймын! Адамзат баласын жетелейтін Рамазан айының аяқталуын білдіретін Ораза айтында мұсылман қауымы бір-бірінің үйлерінің есігін жылы лебізбен ашып, дастарханнан дәм татады. Қазақ жерінде Ислам әрқашан ұстамды, қалыпты түрде ұлттық салт-дәстүрлермен сабақтастықта дамыған. Дін - өте нәзік әрі асқан ыждаһаттылықты талап ететін сала. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандық қоғамдағы ұлтаралық келісім мен конфессияаралық ауызбіршілікті нығайту бағытында жүргізіп отырған салиқалы саясатының басты мәні де осында – біз діннің оң әлеуетін тәуелсіз мемлекетімізді жан-жақты дамытуға жұмылдыруымыз керек. Әлемдік деңгейде ислам атын жамылған түрлі жат ағымдардың бой көрсетуі белең алып отырған қазіргі жағдайда еліміздің мұсылман қауымын қоғамдағы конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты бағалауға және ортамызға сызат түсіргісі келетін түрлі діни идеялар мен ағымдарға бірлесіп тосқауыл қоюға шақырамын. Осы мейрам күндері әрбір шаңыраққа бақ-береке тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, мемлекетіміздің болашағы жарқын болсын!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру