Қасиетті Ораза айт мейрамына орай «Әзірет Сұлтан» мешітінде бірқатар мерекелік шаралар болып өтті. Айт намазын оқып болған астаналық жұртшылықты мешіт ауласында буы бұрқыраған тәтті тағамдар мен дәмді өнімдерді арзан бағаға ұсынған «Қайырымдылық жәрмеңкесі» қарсы алды. «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел ұстаздары мен шәкірттері ұйымдастырған бұл жәрмеңкеден түскен қаржы мұқтаж жандарға жұмсалатын болғандықтан да, тағамдар тізілген сөреге кезек тұрған тұрғандардың қарасы қалың болды.
Сондай-ақ, Ораза айт мейрамына орай мешіт ауласында жылдағыдай ұлттық спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырылып, жанкүйерлердің дуылдаған қолдауы мереке көрігін қыздыра түсті. Атап айтқанда, жамағат арасында арқан тартыс, гір көтеру, қол күрестіру және асық ойындарынан сайыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар арнайы «Алғыс хат» және ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Қосымша суреттерді www.muslim.kz сайтынан көре аласыздар!













ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.06.2017
4291
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру