Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Маңғыстау облысы қасиетті айды жоғары деңгейде атап өтті. Рамазан айы кірісімен күнделікті мешіт аулаларында жүйелі түрде ауыз ашар дастархандары ұйымдастырылып келеді.
Рамазанның 27-ші түні мешітке келушілердің қарасы көп болды. Қасиетті түнде хатым дұғасы жасалып, тарауих намазын оқып берген қариларға құрмет көрсетіліп, түркия елінен келген қариға қазақи дәстүрмен иығына шапан жауып, қазақтың қара домбырасын өкіл имам Смайыл қажы Сейтбеков сыйға тартты.
Мешітке келушілер Құдайға құлшылық жасап, таңға дейін рухани мәні терең уағыздар тыңдап, арнайы жайылған дастарханнан дәм ауыс тиді. Керемет түннің куәсі болған мешітке келушілер дән риза болып мешіт ұжымына өз алғыстарын білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Маңғыстау өкілдігі
24.06.2017
5081
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру