Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Мүбаракта бірнеше қари-хафиздарға ижаза берілді

Айша КЕҢЕСБАЙ www.muftyat.kz 23.06.2017 7144 0 пікір
Нұр-Мүбаракта бірнеше қари-хафиздарға ижаза берілді

Қасиетті Құранды жаттау - әрбір мұсылманның арманы. Себебі, мәңгілік мұғжиза Алланың сөзін ұлықтап, жадыда жаттаудың артықшылығы мен шексіз нығметі жайлы хадистер жетерлік. Дегенмен, бұл құлшылыққа табанды түрде қол жеткізу әркімнің қолынан келе беремйді. Міне осындай өлшеусіз еңбектің нәтижесіне Нұр-Мүбарак университетіндегі ұстаз, шәкірт, түлектер ие болды.

Ең әуелі қасиетті Құраннан берілген ижазаға тоқталсақ, университетіміздің төл түлегі бүгінде Алматы қаласы Тастақ ықшамауданындағы „Төле би„ мешітінің ұстазы Қуаныш Әбішев ие болды. Сондай-ақ халықаралық Құран жарысында ел намысын қорғаған студент Гүлзар Тұрғанжанға берілді. Тарихи куәлікті Құран Кәрімді оқудан 10-ға жуық қырағат бойынша ижазасы бар ұстаз, Мысырдың әл-Азһар университетінен келіп дәріс беруші ғылым докторы Саид Абдулмажид Сәид Мұхаммед табыс етті. Ижазаға көз жүгірткенімізде 28 шейх хафиздің тізбегімен жалғасқан. 

Хафиздарда сөзге тартқанымызда Қуаныш Әбішев Құран жаттауды осы Нұр-Мүбарак университетінде алғашқы курстарда қолға алып, 3 жыл көлемінде толық жаттаған. Күні кеше ғана ол „Төле би„ мешітінде тарауых намазында Құран хатымын жасады. Ал Гүлзар Тұрғанжан былтыр Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен халықаралық сайыста ақтық сынға дейін ел намысын алып шықты.

Ал келесі ижаза Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) асыл сөздерін жаттауға байланысты.

40 хадис (Науаи) жаттаудан „Исламтану„ кафедрасының ұстазы Асылбек Сарсенбаев және жоғарыда аталған Құран хафиздері Гүлзар Тұрғанжан және Қуаныш Әбішев ие болды.

Ия, Құран және хадисті жаттау ыждаһаттылық пен сабырды, білімгеқұштарлықты, т.б. осындай асыл қасиеттерді талап етеді. Сол асыл қасиеттерімен биік белесті инемен құдық қазғандай бағындырған білім иелеріне Алланың разылығы мен екі дүниелік нығметтерін тілейміз!  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру