19 маусым күні ақтөбеліктер Бас Мүфтидің атынан жайылған ауызашар дастарханында бас қосты. 150 адамға жайылған дастарханның қадірлі қонағы ретінде облыстағы бірқатар мекеме, ұйым басшылары, қажы ақсақалдар мен әжелер, зейнеткерлер, белсенді қоғам қайраткерлері, имамдар мен мешіт, медресе ұстаздары, кәсіпкерлер, облыстық театр ұжымы мен БАҚ өкілдері арнайы шақырылды.
Кешке шақырылған қонақтардан жасы үлкен, аузы дуалы ақсақалдар ақ тілегін жеткізіп, барша жамағатты қасиетті Рамазанмен құттықтады. Отырыс барысында оразаның денсаулыққа һәм қоғамдық, рухани пайдасы туралы айтылып, адамды мейірімділікке, бауырмалдылыққа баулитындығы, сабырлы болуға тәрбиелейтіндігі сөз етілді. Өкіл имам Төлеби Оспан Алла аузы берік барша жанның оразасын қабыл етсін дей отырып, әсіресе, Рамазан айындағы ізгі бастамалар мен қайырымдылық шараларында, халықтың қызметінде жүріп, ауызбіршілік пен ұжымдағы ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп жүрген барлық мешіт жамағаттарына ерекше алғыс білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, қасиетті айда қайырымды амалдарды көптеп жүзеге асыруды қолға алған «нұрғасырлықтар» «Отыз күнге – отыз сауап» шарасын ұйымдастырған болатын. Осының аясында, мешіт қызметкерлері әр күнге түрлі сауапты амалдар жоспарлап, оны сәтті жүзеге асыруда. Отырыс барысында өкілдіктің ұйытқы болуымен жүзеге асқан бұдан өзге шаралар, соның ішінде, «Ақтөбе асары» қайырымдылық акциясының қорытындысы, халыққа көмегі, өңірдің жаңа жас діни мамандармен толығуы және облысқа ортақ садақа мәзірінің қабылдануы сынды ауқымды шаралар атап өтілді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Ақтөбе өкілдігі
21.06.2017
3236
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру