Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Көше сыпырушы аға-апаларға құрмет көрсетілді

ҚМДБ Ақтөбе өкілдігі 21.06.2017 3500 0 пікір
Көше сыпырушы аға-апаларға құрмет көрсетілді

«Елің сені елесе, еңбегіңнің жанғаны» демекші, жуырда Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Бас имамы Садиев Амантайдың ұйымдастыруымен «Афсона» мейрамханасында көше сыпырушы 20 адамға ауызашар дастарханы жайылды.  

«Тазалықтың – иманның жартысы» екендігін біліп,  қасиетті айда таң атқаннан күн батқанға дейін қала тазалығына жауап беріп, жұмыс жасап, соның қиындығына қарамастан оразасын ұстаған тазалықшы аға, апалардың барлығы  «Ақтөбе – таза қала» ЖШС-нің қызметкерлері.  Шығыс өнерімен жайылған ауызашар дастарханында тәтті палау мен ыстық самса, тауық сорпасы мен дәмі тіл үйірер кәуапқа дейін болды. Қонақтар тәтті пахлавамен түрік шайын ішіп, шөлін қандырды.

Отырыс барысында қала имамы Садиев Амантай «таза қала» қызметкерлеріне қасиетті Рамазан айымен құттықтап, тұтқан оразалары және осы айдағы барлық ізгі амалдарының қабыл болуын тілеп, өкіл имам Төлеби Оспанның ыстық лебізін жеткізді. Қала имамы барлық аналарымызға ақ раушан гүлдерін сыйға тартып, ағаларымызға ұялы телефондарына екі мыңдық бірліктері табысталды. Әдемі отырыстан барлығы жақсы көңіл-күймен тарқасты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру