Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІ 10 ТҮРЛІ ҰЙЫМ МҮШЕЛЕРІНЕ АУЫЗАШАР ҰЙЫМДАСТЫРДЫ (ФОТО

21.06.2017 3266 0 пікір
«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІ 10 ТҮРЛІ ҰЙЫМ МҮШЕЛЕРІНЕ АУЫЗАШАР ҰЙЫМДАСТЫРДЫ (ФОТО

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде қасиетті Рамазан айында күн сайын 500 жанға тегін ауызашар беріліп келе жатқаны бұл күнде баршаға белгілі жайт. Алып құлшылық ордасы ашыла сала басталған бұл игі дәстүрдің жалғасып жатқанына биыл – бесінші жыл. Сондай-ақ, ҚМДБ-ның төраға орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамасымен соңғы жылдары Астана қаласындағы түрлі әлеуметтік ұйымдар мүшелеріне де дастархан жайылып, «Берекелі Рамазан» шарасы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Биылғы жылы «Әзірет Сұлтан» мешітіне арнайы шақырылып, құрметті қонақ болған әлеуметтік ұйымдар саны 10-ға жетіп отыр. Қасиетті Рамазан айының құрметіне жайылған ауызашар дастарханынан күн сайын 36 жан дәм ауыз тиіп, дұға жасап қайтты. Атап айтқанда, берекелі айдағы арнайы ауызашар дастарханына «Үнсіз әлем» құлағы естімейтіндер ұйымы, «Астана қаласының қарттар үйі», «Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы», «Жетімдер үйі» (SOS балалар қалашығы), «Әлем әйелдерінің достығы орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақ соқырлар қоғамының Ақмоладағы оқу-өндіріс кәсіпорны ЖШС, «Алматы ауданының Ардагерлер ұйымының филиалы, «Жақсылық әлемі» қоғамдық қоры және «Зағиптар кітапханасының» мүшелері  шақырылып, құрметті қонақ болып қайтты.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру