Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбелік жамағат Арман Қуанышбаевтың уағызына келуде

ҚМДБ Ақтөбе өкілдігі 21.06.2017 3926 0 пікір
Ақтөбелік жамағат Арман Қуанышбаевтың уағызына келуде

Қасиетті айдың қадірлі түнінің қарсаңында қаламызға белгілі теолог, РАНТ мүшесі Арман Қуанышбаев келді. Екі күндік сапармен арнайы шақыртылған теолог кеше бесін намазынан кейін «Нұрдәулет» мешітінде болды.

Мешіт жамағатымен жүздесіп сұхбаттасқан дінтанушы «Сабырлық – даналыққа, білімге бастайтын жол» тақырыбында уағыз жүргізді. Сөз барысында амалдағы сабырлықтың маңызы туралы, діни ілім ізденісінде ғана емес, жалпы қызметте, өмірлік кез-келген жағдаятта адамда талап пен табандылықтың, қайрат пен қажырлықтың болуы керектігіне тоқталды. Сөз арасында Құранда баяндалған Мұса мен Қызырдың оқиғасын мысалға келтіріп, бұдан өзге де Құран аяттары мен хадистерді келтіріп, тақырыпты аша түсті.

Тарауих намазынан кейін теолог Арман Қуанышбаев қалалық орталық мешіттің жамағатымен жүздесті. Белгілі дінтанушымен сұхбаттасуға келген жамағаттың мешіт ішіне сыймағандары сыртта тұруға да келісті.

Теолог «Ислам – бейбітшілік діні» тақырыбында уағыз жүргізіп, дінде орта жолды ұстану, дін жайлы білімсіз сөйлемеу туралы ойын керемет жеткізе білді. Жамағаттың сауалдарына жауап берілді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін теолог «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің жамағатымен жүздесіп, бесін және тарауих намаздарынан кейін уағыз жүргізеді.

 

6

 

61

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру