Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қыз шәкірттер арасындағы ІІ облыстық Құран жарысы өтті

21.06.2017 3869 0 пікір
Қыз шәкірттер арасындағы ІІ облыстық Құран жарысы өтті

ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен қыз шәкірттер арасындағы ІІ облыстық Құран жарысы өтті.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов, Мысыр елінен келген Орал медресесінің ұстазы Робиғ Махмұд Мұхаммед Абдуа Ғоин, медресе ұстазы Әсет Романқұлов, Орал орталық мешітінің наиб имамы Абдурашит Қарабаев қатысуымен өткен жарысқа алты үміткер дайындалған. Бас жүлдесі 300 000 (үш жүз мың) теңге көлемінде бекітілген додада Құранды жатқа оқумен қатар, жалпы білімі, тәжуид ережелері мен қағидалары бойынша да білімдері тексеріліп, сұрақтар қойылды. 

Жарыс нәтижесінде ІІІ орынды Ақерке Әділгерей, ІІ орынды Орынай Айтжанова, ал І орынды Сәуле Бекмембетова алды. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру