Құранға зер салсақ, исламда ғылымға, ғылым үйренуге қаншалықты маңызды орын берілгені туралы көптеген аяттарды байқаймыз. Қасиетті Құранның тұңғыш түскен «Алақ» сүресінің алғашқы аяты «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы!», - деп басталуы да, Алла Тағаланың білім үйренуді адам баласына бұйырып міндеттегеніне куә.
Қасиетті Рамазан айының келуімен Орал облыстық мешітінің ауласын қоршай Оразаның келгенін паш етіп хадистер жазылған ірі баннерлер ілінген болатын. ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігі ілімге құштарлық пен жігерді ояту мақсатында осы мешіт ауласына ілінген жиырма екі хадисті жаттап және оразаны не бұзады, ал не бұзбайды деген сұрақтарға мүдірмей жауап беруге шақырған Ілім сайысын ұйымдастырған болатын.
Жасы мен жынысына шектеу қойылмаған бұл жарысқа қатысам деушілердің легін жарыс болатын уақытқа бір күн мерзімге дейін өтінімін тапсыру мүмкіндігін алды.
Жарысқа ерлер мен әйел жамағаты, сондай-ақ бүлдіршіндер мен жасөспірімдер де белсене қатысты. Хадисті жаттап, баршаны тәнті еткен үміткерлердің арасынан үздігін анықтау қазылар алқасына да оңай тимеді. Әйтсе де байқауға қатысқандар арасынан озат танылып, суырылып шыққан Аманғалиева Асылзада мен Нұрлыхан Мақсотов І -орынды иеленсе, ал ІІ-орындарды Қолғанат Жарылғасын, Қолғанат Азаматұлы, Әйгерім Бұғыбаева, Ернұр Жауынбаева, Салиха Махамбетоваларға бұйырып, дипломдармен марапатталып, арнаулы сыйлықтарына ие болды.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұрлан Саматұлы
20.06.2017
3879
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру