ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі қасиетті Рамазан айында мешіт жамағаттары арасында «Рамазан - Құран айы» атты облыстық Құран жарысын өткізді.
Шараға өңірге қарасты аудан, қалалардан 30-ға жауық мешіт жамағаты қатысты. Сайыс Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болып өтті. Түрік елінен қарилар мен осы мешіттің имамдары жарысқа қазылық жасады. Сайысқа қатысушы мешіт жамағаттары Құранды жүзінен оқу, тәжуид ережелері, үзінділер оқу қатарлы талаптар бойынша сынға түсті.
Қатысушылар қасиетті Құранды бар нақышымен оқып, өздерінің осы сайысқа аса тыңғылықты дайындалғандықтарын көрсетті.
«Бұл Құран оқудың шеберлерін анықтаған жоғарғы деңгейлі бәсеке болды. Сайысқа жамағаттар аса ынталы қатысты. Алыс-жақын аудандардан келіп, асыл Құранды құрметтеп, бар ынта-жігерін сайысқа арнаған жамағаттарға алғыс білдіреміз» деп атап өтті , шараны ұйымдастырушылар.
Сайыс қорытындысы бойынша Шемонаиха аудандық мешіті жамағаты Жасұлан Даукен 1-орынды жеңіп алды. Басқа да жеңімпаздар марапат және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларға Құран үлестірілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ ШҚО өкілдігі
20.06.2017
3844
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру