Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Әйелдер – қыздар секторы хатым дұғасын жасады

ҚМДБ Қызылорда өкілдігі 20.06.2017 4222 0 пікір
Қызылорда: Әйелдер – қыздар секторы хатым дұғасын жасады

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша әйелдер-қыздар секторы Рамазан айының құрметіне Құранды хатым етіп, дұғасын жасап, еліміздің тыныштығын тіледі.

Шара аясында ауыз бекіткен әйелдер жамағаты үшін ауызашар ұйымдастырылып, дастархан басында сектор жетекшісі М.Файзуллина «Қадір түнінің қасиеті» тақырыбында уағыз айтты.

Сондай-ақ, Рамазан айының құрметіне әйелдер-қыздар секторының бастамасымен қалалық «Айтбай» мешітінде ұстаз Елубаева Индираның өткізуімен арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырылса, Байқоңыр қалалық мешітінде ұстаз Сыдыкова Ләззат  шәкірттерімен 41 ясин оқып, еліміздің бейбітшілігін тілеп, дұға жасалынды.

Жалпы, облыстағы сектор жұмысы жүйеленіп, бағыттық шаралар тұрақты ұйымдастырылып келеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру