Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазанда мешітке автокөлік сыйға тартылды (ФОТО)

ҚМДБ ОҚО өкілдігі www.muftyat.kz 20.06.2017 4783 0 пікір

ОҚО, Бәйдібек ауданы «Нақыпбекұлы Әуен» орталық мешітінде ауызашарға келген жұрт қуанышты жағдайға куә болды. Елағасы, кәсіпкер Бейсенов Сәкен Нақылбекұлы аудандық орталық «Нақыпбекұлы Әуен» мешітіне «Daewoo Gentra» автокөлігін сыйға тартып, темір тұлпардың кілтін ауданның бас имамы Байниязов Серғалиға салтанатты түрде табыс етті. 

Сонымен қатар кәсіпкер Бейсенов Сәкен Нақылбекұлы ауданның батыр анасына Шымкент қаласынан 8 сот. жер учаскесін тегін беріп, көпбалалы отбасына көмектесті. Іс-шараға арнайы қатысқан ОҚО облыстық мешітінің наиб имам Еркебұлан Қарақұлов ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігі атынан және жалпы жамағат атынан кәсіпкерге алғысын білдіріп, Құран кітабын сыйлады.

Ісшара соңы ауызашарға жалғасып, еліміз және халқымыз үшін дұға етілді.

IMG 1244

IMG 1245

IMG 1246

IMG 1247

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру