Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: 200 жанұяға тиген жәрдем (ФОТО)

ҚМДБ Ақтөбе өкілдігі www.muftyat.kz 20.06.2017 3292 0 пікір
Ақтөбе: 200 жанұяға тиген жәрдем (ФОТО)

19 маусым «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде 200 жанұяға шарапатын тигізген қайырымдылық шара өтті. Мешіттің «Сен де үлес қос!» қайырымдылық акциясының аясында мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға, көктемгі су тасқынынан зардап шеккендер мен тұрмысы төмен отбасыларға – барлығы 200 жанұяға азық-түлік пакеттері үлестірілді. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі екі балаға мүгедек арбасы берілді. 

Өкіл имам Төлеби Оспан баршасын Рамазан айымен құттықтап, жылдағы жақсы үрдіске айналған игі шара осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отырғанын атап кетті. Адамдар мейірбан да мәрт бола түсетін мәртебелі аймен тұспа-тұс келген бұл акция Рамазанның қадір-қасиетін тағы бір паш еткенімен қатар, 200 отбасыға ерекше қуаныш сыйлады.

Естеріңізге сала кетейік, қайырымдылық бағыттағы мұндай шаралар бұдан өзге қала, аудан мешіттерінде де ұйымдастырылуда.

72

74

73

76

77

71

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру