15-маусым күні «Иманғали» орталық мешіті ұжымы қаладағы «Ифтар» мейрамханасында ауызашар дастарханын ұйымдастырды. Ауызашар дастарханының құрметті қонағы мешіттің жас жамағаттары болды.
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлының бастамасымен ұйымдастырылған ауызашар дастарханында мешіттің азаншысы Арман Урумбаев және жас ұстаз Еламан Бегалиевтер Рамазан айындағы ораза құлшылығы туралы уағыз-насихат айтты.
«Рамазан айында ораза тұту – бұл жасаған күнәлар кешіріліп, жасаған жақсылықтар сансыз еселеніп жазылатын қасиетті ай. Рамазан айының оразасы кезінде алатын рухани ләззат нығметін айтып жеткізу мүмкін емес. Алла Тағала баршамыздың тұтқан оразамызды, жасаған құлшылықтарымызды қабыл еткей», – деді А.Урумбаев.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Атырау өкілдігі
www.muftyat.kz
19.06.2017
3881
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру