Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әбу Ханифа медресе-колледжінің түлектері диплом алды (ФОТО)

Алматы орталық мешіті www.muftyat.kz 17.06.2017 6776 1 пікір
Әбу Ханифа медресе-колледжінің түлектері диплом алды (ФОТО)
16 маусым Әбу Ханифа медресе-колледжінен түлеп шыққан шәкірттерге диплом табыстау салтанаты өтті. Оған ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы, Алматы қаласы Орталық мешітінің наиб имамы Дулатбаев Жорабай Ақбердіұлы, Әбу Ханифа медресе-колледжінің директоры Құлмұхаммед  Маханбет  Пірманүлы, Әбу Ханифа медресе колледжінің  ұстаздары және шәкірттердің ата-аналары қатысты.
 - "Бітіруші шәкірттеріміздің жалпы саны 21, оның ішінде 3 үздік , 9 шәкірт имамдық қызметке тағайындалды. Қалғандары жоғары оқу орнында әрі қарай білімін шыңдауға тапсырады. Түлектер елімізге, дәстүрлі дініміздің өркендеуіне аянбай еңбек етеді деп сенеміз. Алдағы  уақытта шәкірттерімізге сәттілік, жұмыстарына табыс тілейміз" деді Медресе-колледждің директоры Құлмұхаммед  Пірманүлы.
 

Пікірлер (1)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Бердімұратұлы Бекболат | 18.06.2017 09:18

Әбу Ханифа медресесін тәмәмдаушы түлектерге Алла жәрдемші болғай. Медресеміз тек жоғарыдан көріне берсін. Ұлы тұлғамыз Әбу Ханифа сынды мужтаһид ғалымдар шығуына тілектеспін. Алла қолдау көрсетсін, Әмин.