Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкентте БАҚ өкілдеріне Бас мүфтидің ауызашары берілді (ФОТО)

ҚМДБ ОҚО өкілдігі www.muftyat.kz 17.06.2017 3899 0 пікір
Шымкентте БАҚ өкілдеріне Бас мүфтидің ауызашары берілді (ФОТО)

Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ОҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен бұқаралық ақпарат құралдарының төл мерекесі қарсаңында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының БАҚ және зиялы қауым өкілдеріне арнайы ауызашар дастарханы жайылды.
Шараға ҚР ОҚО бойынша журналистер одағының басшылығы мен мүшелері, облыстық ардагерлер кеңесі мен облыстық «Әжелер мектебінің» мүшелері, жергілікті телеарна тілшілері, ақын-жазушылар т.б. жалпы саны 310 кісі қатысты.
Шараны ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары әрі БАҚ бөлімінің жетекшісі Мұхамеджан Естеміров ашып, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің құттықтауын жеткізді.
Мерекелі ақ дастархан басында ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Зәріпбай Жұманұлы, ҚР ОҚО бойынша журналистер одағының басшысы Айгүл Қапбарова, ХҚТУ-нің ұстазы, профессор Әмір Мұсақұлов, Республикалық «Қазақстан жолы» газетінің бас редакторы Оңғар Тәжиев және ақын, журналист Нармахан Бекалыұлы мырзалар ақ тілек тіледі.

Шара барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен және Ғұламалар кеңесінің бекітуімен жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

 SAM2898

 SAM2911

 SAM2913

 SAM2918

 SAM2920

 SAM2924

 SAM2927

 SAM2929

 SAM2932

 SAM2936

 SAM2941

 SAM2949

 SAM2953

 SAM2962

 SAM2973

 SAM2977

 SAM2984

 SAM2988

 SAM2995

 SAM2997

 SAM3000

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру