Павлодар қалалық С.Торайғыров атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен және Ғұламалар кеңесінің бекітуімен жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Бүгінгі таңда аса өзектілігі білініп отырған жан тәсілім ету, мәйітті жуындыру, кебіндеу, жаназа намазы, жерлеу рәсімдері және қабір мәселелері, қабірді зиярат етуге қатысты нақты бірізді түсініктеме беретін бұл шараға қала, аудан мешіті имамдары, қалалық мешіттердің қызметші молдалары, жаназа, кебіндеу, жерлеу рәсімдеріне қатысып жүрген аталар мен апаларды осы семинарға толық қатысты.
Аталмыш кітаптың:
1,2,3-тараулары бойынша (1-45 бет) «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Хасан Ташайұлы,
4-тарауы бойынша (54-61 бет) қалалық «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Жолдас Қоспақұлы,
5-тарауы бойынша (70-83 бет) қалалық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Нұрлан Евфратұлы,
Ал 6-7-тарауы бойынша (95-141 бет) қалалық «Бижан» мешітінің бас имамы Адусамат Айтқожаұлы әрқайсысы 10 минут көлемінде түсініктеме жүргізеді. Соңында қатысушылардан қойылған сұрақтарға жауап беріледі.
Жиынға қатысқан қала, аудан, ауыл мешіті имамдары, Павлодар қаласының зиялы қауым өкілдері мен ақсақалдар, алқа мүшелері «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы жайлы ойларын ортаға салды. Кітапта қазіргі қоғамда көп талқыланып жүрген "қабір басына кесене тұрғызып, белгі қою", "мұсылман зиратының талаптары мен қағидалары", "діни жоралғыларды бір жүйеге келтіру" сынды мәселлердің қамтылғандығына оң пікірлерін білдірді.
Өкіл имам өз сөзінде «Бұл кітап Ғұламалар кеңесінде 3 жыл қаралып, дайындалды. Кітапта жаназаға қатысты үкімдер топтастырылды. Қайтыс болған кісіні жерлеу, құдайы ас пен садақа берудің әдебі жан-жақты қамтылды. «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабын шығарудағы негізгі мақсат – еліміз бойынша діни рәсімдерді бір ізге келтіру, ысырапқа, шариғатқа қайшы әдеттерге жол бермеу. Сондықтан енді менің ойымша деген сөзді азайтып, тек осы кітаппен амал ету қажет» екендігін баса айтты.
Облыстық кітапхана қорына «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының бірнеше данасын сыйға тартты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Павлодар өкілдігі
www.muftyat.kz
16.06.2017
5252
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру