Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО «Қан орталығы»Өскемен өкілдігін марапаттады

ҚМДБ ШҚО өкілдігі 16.06.2017 3681 0 пікір
ШҚО «Қан орталығы»Өскемен өкілдігін марапаттады

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі соңғы жылдары жылына бірнеше мәрте жамағаттар мен мешіт қызметкерлерін қамтыған «Басқаға өмір сыйла!» атты қан тапсыру шарасын ұйымдастырған болатын. Өмір үшін күресіп жатқан адамдарға қан беріп, тағдырына арашашы болып, өмір сыйлау аса сауапты істердің қатарында екендігі аян.

Осындай маңызды істерді тыңғылықты ұйымдастырып, адамдарға өмір сыйлауда маңызды бастамаға үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан  ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігіне «Шығыс Қазақстан облыстық Қан орталығы» алғыс хат ұсынып, марапаттады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру