Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағандыда «Тегін такси» қайырымдылық акциясы (Фото)

ҚМДБ Қарағанды өкілдігі www.muftyat.kz 15.06.2017 4697 0 пікір
Қарағандыда «Тегін такси» қайырымдылық акциясы (Фото)

Маусым айының 14 күні ҚМДБ Қарағанды облысы бойынша «Жастар ісі» бөлімі мен аймағымыздың мешіттерінің бірігіп ұйымдастырған «тегін такси» акциясы негізінде қала тұрғындары діттеген жерлеріне ешқандай ақы төлемей еркін жетіп алды. Қараша халыққа осындай ұлық мерекені насихаттауды қолға алған Қарағанды обысының имамдарына үлкен алғыс  білдірді. Өйткені дін қызметкерлері 20-ға жуық көлікпен халықты ұлты мен дініне қарамай қажетті мекен жайына тегін жеткізді.

Сондай-ақ, Қарағанды облысы бойынша Зекет қорының ұйымдастыруымен аймақтағы тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық көмек ретінде азық-түлік (ұн, қант, май т.б.) таратылды.

Қазір қаладағы барлық мешіттерде, соның ішінде облыстық мешітте қала жамағаты мен әртүрлі саланың қызметкерлеріне ауызашарлар беріліп, Құран хатым етілуде.

Бүгінде барша мешітте қалың жамағат тарауих намазына жиналып, Алла алдындағы құлшылығын арттырып жатқаны мақтан тұтарлық жағдай. Иманы кәміл, көңілі бейбіт елдің болашағы зор болмақ!

Алла барша мұсылманның тұтқан оразаларын, жасаған дұғаларын қабыл етсін деп тілейміз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру