Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЕЛОРДАДА ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ V ҚҰРЫЛТАЙЫ ӨТЕДІ

www.bnews.kz 14.06.2017 3881 0 пікір
ЕЛОРДАДА ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ V ҚҰРЫЛТАЙЫ ӨТЕДІ

Көрнекі сурет: ғаламтордан

22–25 маусым аралығында ЭКСПО-2017  көрмесі аясында  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайы өтеді. 

Құрылтай бағдарламасының негізі ҚР Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық  мақаласында айтылған тұжырымдамалық идеяларына құрылған.

Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға болып саналады. Ол 1992–2017 жылдар аралығында өткен бес Құрылтайдың өзара сабақтастығының бар екендігін көрсетеді және тәуелсіздік кезеңдерінде Қазақстан Республикасының айтулы табыстарға, соның ішінде этникалық көші-қон саясатының жетістіктеріне қол жеткізгендігін паш етеді.

Құрылтай жұмысына барлығы 750 делегат пен қонақ қатысады, оның ішінде 350 адам алыс және жақын шетелдердегі әлемнің 39 елінен келді. Құрылтай делегаттары мен қонақтарының 80 пайызы мұндай іс-шараға алғаш рет қатысады.

750 делегат пен қонақтың басым көпшілігі ғылыми-шығармашылық және педогогикалық зиялылар өкілдері, бизнес, спорт, бұқаралық ақпарат құралдары салаларының мамандары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері болып саналады.

Алдыңғы төрт Құрылтайға қатыспаған әлемнің сегіз елінен V Құрылтайға делегаттар мен қонақтар келіп отыр. Олардың қатарында Жапония, Корея Республикасы, Италия, Ирландия, Черногория, Польша, Әзірбайжан, Молдова елдері де бар.

Құрылтай делегаттары мен қонақтарының 60 пайызын 35 жасқа дейінгі жастар құрайды. Олар дені – түрлі елдердегі және Қазақстандағы жастар ұйымдарының, студенттік бірлестіктерінің көшбасшылары, магистранттар, докторанттар және жас мамандар.

Құрылтай аясында тұңғыш рет «Нұр-Отан» партиясының қолдауымен «Жастар рухани жаңғыруды қолдайды» атты дүниежүзі қазақ жастары көшбасшыларының форумы өтеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру